Сұйық күкіртті сақтауға арналған 1T-602 резервуарын қайта жаңғырту, V = 2500 м³
1T-602 күкірт сақтау резервуарын жаңғырту бойынша жобалау-техникалық қызметтер (шатырын, түбін, корпусын, құбырлық байламдарын және қолжетімділікке арналған болат конструкцияларын жөндеу, КИП және электр кабельдерінің трассаларын жаңарту және өзгерту) көрсетіледі. Резервуар конструкциясын жобалау резервуарларды жобалау нормаларына (СНиП III-18-75, СН РК 3.05-24-2004) сәйкес орындалуы тиіс, металлоконструкциялар жобалау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі талаптарына және ТШО-ның Техникалық шарттарына сәйкес баламалы конструкцияларға ауыстырылады.