Сапа саясаты

Poligram Atyrau ЖШС-нің САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

«Poligram Atyrau» ЖШС басшылығы өзінің негізгі міндеті ретінде сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарына сәйкес жоғары сапалы қызметтер көрсетуді, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың және тапсырыс берушілердің барлық қажетті талаптарын сақтауды айқындайды.

Белгіленген Стратегияға сәйкес, осы Саясатты іске асыру үшін басшылық төмендегі негізгі бағыттарды айқындады:

  • СТ РК ISO 9001-2016 талаптарына сәйкес СМЖ талаптарын орындау және оның нәтижелілігін үздіксіз жақсарту;

  • Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жаңа қызметтерді енгізу мақсатында тұтынушылардың ағымдағы және болашақ талаптары мен күтілімдерін жүйелі түрде талдау;

  • Қызмет сапасын жақсарту мақсатында персоналды тұрақты оқыту және біліктілігін арттыру;

  • Компания инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру;

  • СМЖ процестерін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;

  • Әрбір іске асырылатын жобаға жеке әрі кәсіби көзқарасты қамтамасыз ету;

  • Еңбек ұжымын сақтау, мәселелерді уақтылы анықтауға және оларды тиімді шешуге ықпал ететін қолайлы психологиялық ахуалды қолдау;

  • Өзара сенім, ашықтық және айқындық қағидаттарына негізделген тапсырыс берушілермен, жеткізушілермен және басқа да мүдделі тараптармен өзара тиімді және ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды қалыптастыру;

  • Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді тұрақты түрде мониторингтеу;

  • Өлшенетін KPI көрсеткіштеріне негізделген бүкіл қызметті мониторингтеу жүйесін қалыптастыру;

  • Сапа саласындағы Саясатты персоналдың назарына жеткізу және әрбір қызметкерді СМЖ-ны үздіксіз жақсарту қызметіне тарту.

«Poligram Atyrau» ЖШС басшылығы осы Саясатты іске асыруға, сапа менеджменті жүйесін жетілдіруге, СМЖ-ның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және оның нәтижелілігін үздіксіз арттыруға қажетті ресурстарды бөлуге толық жауапкершілік алады.