GX3 және GX4 қондырғыларының коррозиялық камерасын жаңғырту

  • №008-14 жоба «GX3 және GX4 қондырғыларының коррозиялық камерасын жаңғырту», 2014 жылғы желтоқсан
  • Тапсырыс беруші: ТШО
  • Жобаның мақсаты: GX3 және GX4 камераларындағы күкіртті грануляциялау қондырғысының жабдықтарын ауыстыру.
  • Орналасқан жері: ТШО зауыты, 600 қондырғы.
  • Технологиялық жабдық жеткізушілері: Enersul, Канада.
  • Тартылған пәндер (дисциплиналар):Құбыржол және механикалық бөлім, Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, Электрлік бөлім, КИПиА (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру).
  • Жобалық құжаттама: барлығы 192 сызба және құжат (материалдарды босатуға арналған өтінімдерді есептемегенде).
  • Құбыржол және механикалық бөлім: 80 сызба + 2 құжат + құжаттама пакеті;

  • Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау: 10 сызба + 3 есептік құжат + құжаттама пакеті;

  • Электрлік бөлім: 5 сызба + 1 құжат + құжаттама пакеті;

  • КИПиА: 31 сызба + 5 құжат + 51 техникалық деректер парағы + құжаттама пакеті.

Жобаның шектеулері мен күрделіліктері:

  • Жұмыс алаңындағы кеңістіктің шектеулілігі;

  • ТШО дерекқоры мен мұрағатында негізгі сызбалардың ішінара болмауы, соның салдарынан аталған сызбаларды қайта әзірлеу қажеттілігі;

  • H₂S мөлшерінің жоғары болуына байланысты қауіпті аймақтың болуы, осыған орай мердігерге арналған тиісті құжаттама пакеттерінде бұл факторды ескеру қажеттілігі;

  • ТШО бастамасымен жоба төрт рет тоқтатылып, жалпы тоқтау мерзімі 697 күнді құрады;

  • ТШО жоба көлемін үш рет қайта қарады. Жобаны орындау стратегиясындағы елеулі өзгерістерге қарамастан, барлық құжаттама пакеттері белгіленген қысқа мерзімдерде толықтай жаңартылды.